Студенттер мен жастар арасында
Студенттер мен жастар арасында
30.10.2018 15:10
501
0

Павлодар қаласы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жанынан  студенттерге арнайы ашылған жатақханада «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Асқар Қуаныш «Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі» атты тақырыпта уағыз өткізді. Сонымен бірге осы жатақханада тұрып жатқан студенттерге нәпіл ораза тұтаты бейсенбі күні  ауызашар ас әзірленді.

Сонымен қатар аталмыш жатақхананың қыздар бөлімінде «Ақмешіт» мешітінің әйелдер-қыздар сауат ашу курсының ұстазы Абильдаева Қалдыгүл «Кішіпейілділік және такаппарлық» тақырыбында уағыз өткізді. Өткізілген уағыздың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, такаппарлық, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

 Қыз балалар кездесу барысында ұстазға өзекті сұрақтар қойылып, белсенді қатысып отырды.

 

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті


0 пікір