Спорт шеберлері ауызашарда болды
Спорт шеберлері ауызашарда болды
13.07.2015 11:36
1074
0

Шілденің 12-күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров облыстың спорт саласында жүрген аузы берік бір топ азаматтарына арнап ауызашар дастарханын жайды.

Сондай-ақ, бұл ауызашар дастарханға ақсақалдар, жастар және мешіттің жамағаттары да қатысты. Өңір бас имамы Батыржан Берденұлы қасиетті рамазан айының қадір-қасиетін атап, оразадағы әрбір күннің маңыздылығына тоқталды.

Өңірдегі спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтар мен жаттықтырушылар кезекпен өзара сөз алып, барша жамағатты қасиетті аймен құттықтай келе, ауызашар берген бас имам Батыржан Берденұлына және «Иманғали» орталық мешітінің ұжымына шексіз ризашылықтарын білдірді. 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


 
0 пікір