Шымкент қаласының әкімі ауыз ашар берді
Шымкент қаласының әкімі ауыз ашар берді
13.07.2015 11:37
1172
0

Шымкент қаласындағы «Көркем» мейрамханасында исі мұсылман жамағатына қала әкімі Дархан Сатыбалды  өз атынан ауыз ашар берді. 

Арнайы іс шара облыс имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қала  имамы Бақдәулет Абдурахманов, облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының басшысы Берік Уәли, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық Әлеуметтік бастамалар орталығы директоры Нұржан Арыстанбекұлы және т.б.  600-ге жуық зиялы қауым өкілдері мен жамағат қатысты.

Шымкент қаласына  жаңадан әкім болып келгелі асыл дініміздің өркендеуі жолында аянбай рухани һәм қаржылық тұрғысынан қолдау көрсетіп жүрген қала әкімі Дархан Сатыбалдыға көпшіліктің алдында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің арнайы Алғыс хатын облыс имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров оқып, салтанатты түрде табыс етті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауыз ашар кезінде арнайы қасиетті Рамазан айының сауаптары туралы әңгімелеп, дәстүрге сәйкес діни әндерде орын берілді. Мұнымен қатар, Діни басқарма тарапынан мақұлданған кітаптар мен өзгеде кәде-сыйлықтар таратылды.

Жалпы, жиналған жамағат дән риза болып тарасты. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


 
0 пікір