Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр (ФОТО)
Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр (ФОТО)
12.02.2018 14:54
2360
0

Жуырда, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Кездесу шарасы барысында елімізге белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанов мырза бастаған бір топ ел азаматтар болды.
Жалпы, жаңа ғибадат орны қаланың Нұрсат шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Мешіттің биіктігі 4,8 метрды құрайды. Сондай-ақ, жаңа мешіт қаланың орталық, әкімшілік аймағында орналасқан.
Құрылысшылардың айтуынша осы қаланың орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарланған.
Мешіттің ортасында михраб орналасқан. Және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.
Алланың үйі жақын күндері қала тұрғындарына қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Алла үйі - мешіт салып жатқан бауырларымызға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 500

IMG 501

IMG 502

IMG 503

IMG 504

IMG 505

IMG 506

IMG 507

0 пікір