Шығыс Қазақстанда оқушылар діни көзқарастарына бола мектепке бармай жүр
Шығыс Қазақстанда оқушылар діни көзқарастарына бола мектепке бармай жүр
24.08.2015 12:44
1520
0

Шығыс Қазақстан облысында 8 оқушы мектепке діни көзқарастарына бола бармай жүр. Мұғалімдер жетінші күннің адвентистері қатарына кірген оқушыларды райынан қайтару үшін ешбір шара көмектеспегенін айтуда.

Жетінші күннің адвентистері – сенбіні қасиетті күн санайтын протестанттардың бір бағытын ұстанушылар. Осы бағытқа берілген әр түрлі мектепте оқитын үш оқушының ата-анасы талай рет жиналысқа шақырылған болатын.

Алайда мемлекеттік қызметкерлердің ескертулеріне діни көзқарастағы ата-аналар құлақ асар емес. Оқушылар сенбі күні сабаққа қатысуға құлықсыз.

Шемонаиха ауданындағы тағы үш оқушы адвентист болып шықты. Екі апалы-сіңлілі мен ағасы мектепке тек бес күн ғана барады.

Ал алтыншы оқу күнін елемейтін оқушылардың әкесін бұл қылықтары үшін тіпті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда бұл шара да еш нәтиже бермеген.

Діни көзқарастағы ата-аналар бұл әрекеттерін заңды санайды. Олар Конституциядағы діни көзқарас еркіндігі құқығын алға тартуда.

Балаларын сенбі күні мектепке жіберуден мүлдем бас тартқан ересектер, алдағы жылы да сенбі күнгі оқуды елемейтіндерін айтуда.

ШҚО білім басқармасында аталмыш оқушылардың ата-аналары кәмелетке толмаған бала тәрбиесіне қатысты өз міндеттерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Әкімшілік кодекске сәйкес, тәртіп бұзушыларға 7 АЕК (шамаен 14 мың теңге) көлемінде айыппұл салынудан бастап, 15 тәулікке қамауға алу жазасына дейін қарастырылған.

nur.kz

0 пікір