ШАРБАҚТЫДАҒЫ ТӘЛІМДІ ШАРА
ШАРБАҚТЫДАҒЫ ТӘЛІМДІ ШАРА
07.12.2019 23:14
1396
0

Шарбақты аудандық  «Қызыр» мешіті аудан орталығындағы  Қалимаш апай басқарған «Халал» асханада апамыздың жәрдем қылуымен мәуліт мерекесіне орай сауапты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты ауыл балалары мен мектеп қабырғасында оқитын жас жеткіншектерге адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары болған Пайғамбар(с.ғ.с)-ды таныстырып, оған салауат айту болатын. Сонымен қатар ғибратты ғұмырының өнегелерін үлгі ету болатын.

Шараға Абай атындағы мектеп оқушылары, басқа да ауылдан келген оқушылар мен мешіттің белсенді  жамағаты, ата-апаларымыз көптеп жиналды. Шара барысында әртүрлі танымдық ойындар мен, тәлімді уағыздар айтылды. Осы кеште түрлі ойындар ойнатылып, балалардың есінде қаларлықтай сыйлықтар жасалды. Шараға  кәрі жас түгелдей қызыға қатысып,  ауданның бас имамы Исабек Ақжол  Пайғамбар(с.ғ.с) өмірінен үзінділер келтіріп, уағыз айтты. Соңда барша балалар мен мұсылманға дұға жасап, сәттілік тіледі. Мәуліт мерекесі алдағы уақыттарда да жалғасып, тағыда көркем де әсерлі болдырып ұйымдастырып тұратынына сенім білдірді. Бұл шараға атсалысқан барша жандарға Қалимаш апамызға, Аймереке әпкемізге т.б жәрдем берген жандарға ризашылығын  айтты.

Шара Құран оқумен басталып, Құран оқумен аяқталды.

Сонымен қатар жуырда «Қызыр» мешіті мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен  қайрымдылық жасаған еді. Әр жұма намазынан кейін мешітте жамағатқа ас дастарханы жайылып, өзара тәлімді сұхбат жүргізіп, дұға жасалып Құран оқылуда. Бұл игі бастама да арықарай жалғасын таба беретін болады.

 

 

 

Шарбақты ауданы «Қызыр» мешіті

 

0 пікір