ШАРБАҚТЫ ИМАМДАРЫНЫҢ БАСҚОСУЫ
ШАРБАҚТЫ ИМАМДАРЫНЫҢ БАСҚОСУЫ
23.01.2020 11:29
1076
0

Сәрсембі күні Шарбақты аудандық «Қызыр» мешітінде ауыл имамдарының басқосуы болды.

Басқосудың мақсаты 2020 жылы мешіттерден атқарылатын жұмыс бағытын талқылып болашаққа бағдар, жоспар жасау.  Сонымен қатар қара шаңырақ- ҚМДБ ның  30 жылдық мерейлі мерекесі құрметіне орай  атқарылатын келелі істерді  шешу жолдары мен жасалатын уақыттарын күн тәртібіне қою болды.

Осыған орай 30 игі іс аясында  атқарылатын көпір салу, құдық қазу, мұқтаж 30 отбасына пәтер, көшпелі көрме сынды обылыс бойынша бірлесіп атқарылатын жұмыстардан тыс қалмас үшін біздің аудан, ауыл имамдары бүгінгі күннен  әзірлікті бастап кету керектігі ескертіліп, өзара біршама мәселелер талқыладық. Имамдар осы жылы жүзеге асыратын жобалар, атқаратын іс-шараларға  келісім білдіріп, пікірлерімен бөлісті. 

Басқосу соңында атқарып келе жатқан еңбектеріне жеміс тілеп, ауыл имамдарына алғыс хат табыс етілді.  Қызметін одан әрі Алматы қаласында жалғастыратын "Темір молла" мешітінің  имамы Өнерхан Серікжанға ерекше алғыс білдіріп, рахмет сыйлығы  ретінде Құран Кәрім т.б кітаптар табыс етілді.

Жылымыз жемісті де  берекелі болсын!

 

Шарбақты ауданы «Қызыр» мешіті

0 пікір