Шарбақты ауданының бас имамы ауысты (ФОТО)
Шарбақты ауданының бас имамы ауысты (ФОТО)
01.11.2019 14:30
809
0

Шарбақты ауданының орталығындағы "Қызыр" мешітінің бас имамы ауысты. Бұл қызметке Ақжол Исабек тағайындалды. Ол бұған дейін "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің ұстазы болып жұмыс істеген болатын.

Ал осы күнге дейін Шарбақты ауданының бас имамы болып келген Әділ Райымбек "Қызыр" мешітіндегі қызметін одан әрі жалғастыра береді. Дәлірек айтсақ, ол аталған мешіттің наиб имамы болып бекітілді.

1 қараша күні Жұма намазында Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы ауданның жаңа имамын жергілікті жамағатқа таныстырды. Облыстың бас имамы Әділ Райымбектің осы уақытқа дейін сіңірген еңбегіне тоқталып, оны Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, ол Ақжол Исабекті жұртшылыққа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Жолдас қажы Қоспақұлы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовпен кездесіп, ауданның жаңа имамын таныстырды. Аудан басшысы Ақжол Исабекке барынша қолдау білдіретінін айтты.

0 пікір