ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ МЕШІТТЕРІ 2020 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ МЕШІТТЕРІ 2020 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
24.12.2020 20:10
975
0

Шарбақты ауданы орталық «Қызыр»мешітінде ауыл имамдарының қатысуымен жылдық қорытынды жиын  өтті. Жиналыста 2020 жылы атқарылған іс-шаралардың  нәтижесін қорытып, алдағы 2021жылға атқарылар жұмыс жоспары қаралды. Сонымен қатар жиын барысында  IV республикалық  имамдар форумында қабылданған құжаттар туралы түсіндірілді. Жиын соңында ауданның  бас имамы Ақжол Исабекұлы ауыл мешіті имамдарына алғыс білдіріп, жақсы нәтиже көрсеткен дін қызметкерлеріне қаржылай ынталандыру сыйлық табыстап, алдағы қызметтеріне  сәттілік тіледі.

Жалпы аудан бойынша 10 мешіт халыққа қызмет атқарып тұр.

ҚМДБ - ның 30 жылдығына орай   төтенше жағдайлар уақытында да бірқатар шаруалар жасалды. Атап айтар болсақ Жаңаауыл мешіті, қайта салынып озық үлгіде жаңа мешіт бой көтерді. Есілбай ауылы "Темірғалы" мешітінің жөндеу жұмыстары аяқталып мешіттің еңсесі биіктеп жаңа серпін алды. Ауыл жастары жалғыз басты анаға пәтер кілтін табыстады.

Арбиген ауылы "Шәмшия ана" мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіт алдына 300 түп әртүрлі   жеміс ағашы, балаларға арналған ойын алаңы салынды.

ZOOM желісі арқылы онлайн уағыз насихат, мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен, басқа да қызметкерлермен, жат ағымға, экстремизмге, терроризмге қатысты арнайы жиындар жоспарға сай жүргізіліп, ауыл тұрғындарымен қарым қатынасын  нығайтып, оқу ағарту, уағыз насихат, радио, телеарналармен  онлайн режимінде жұмыстар жасап, әртүрлі  қайрымдылық шараларына ат салысты. Мәселен, аудан бойынша  722 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық жасалып, 47 адамға қаржылай көмек көрсетілген.  Ауыл мешіттері жаңадан діни білім игерген жас имамдармен толықса, 2020-2021 оқу жылына Нұр - Мүбарак университетіне 2 шәкірт, Әбу Бәкір Сыддық медресесіне 2 шәкірт, "Сарыағаш" қыздар медресесіне 1 шәкірт оқуға жіберілді

ҚМДБның төл басылымдары болушы "Иман" жұрналы мен «Мұнара" газетіне бөлінген жоспарға сай мешіт жамағатына жазылу жұмысы ойдағыдай жүргізілді.

Алла баршамызға береке, жақсылық, сауаттылық, сауапты амалдар, нәтижелі жұмыс атқаруды нәсіп етсін. Әмин!

 

0 пікір