Шалғайдағы ауыл мешітінде
Шалғайдағы  ауыл мешітінде
16.05.2019 10:31
187
0

«Қасиетті Рамазан айы басталар бұрын мешітімізге ағымдық жөндеу жүргіздік. Бүгінде күнделікті тарауық намазын өтеудеміз. Біздің ауыл - шағын ауыл, бірақ жамағатымыз аз емес. Мешіттегі сауат ашу дәрістеріне 10-15 адам тұрақты келеді.

Ораза басталар алдын жамағатты құттықтаған баннерлер  ілініп,  Рамазан айы туралы әртүрлі  уағыздар қамтылған бүктемелер таратылды. Жұма намазында мүфтияттан бекітілген тақырыптағы уағыздар тұрақты айтылып келеді. Жұма намазында мешітке жамағат толып кетеді. Жалпы мешіт сыйымдылығы 40 адам.

Мешіттің сауат ашу курсына үзбей  келіп тұратын шәкірттеріміз жеткілікті. Олардың алды Құранды оқып үйреніп қалды. Сенім, ғибадат, ахлақ  сабақтарынан беріліп жатқан  дәрістер өз жемісін беріп, ауыл халқы, әсіресе жастарымыз өзара ынтымақ-береке-бірлікте болып, әртүрлі қоғамдық  және қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысуда»,-дейді Май ауданы, «Саты» ауылдық мешітінің молдасы – Жагипаров Жасболат Ныгметұлы.

 

 

 

0 пікір