ШӘКІРТТЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
ШӘКІРТТЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
13.03.2019 11:24
291
0

«Ақмешіт» мешітінің жамағатты  «Нұр-Мүбарак» университетіндегі Павлодар қаласынан оқып жатқан шәкірттерге қаржылай көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының жоғары білімді имамдар, исламтану, дінтану  мамандары дайындалатын «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бірегей жоғары оқу орынында қалалық «Ақмешіт» мешітінен үш шәкірт білім алуда. Олар: 3-курс шәкірттері Батырханов Асылхан, Касимов Ардақ және 2-курсте оқитын ­­­Тоқтар Әлішер. Шәкірттеріміз оқуларын арықарай үздіксіз жалғастыру үшін  Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті білім алу орталығының жатақханасына жатар орындары үшін 112 000 теңге қаржы аударды.

Қасиетті Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!». «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларынң кешірілуін тілейді!» (Термези).  

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір