ШӘКІРТТЕР ҚҰРАНҒА ТҮСТІ
ШӘКІРТТЕР ҚҰРАНҒА ТҮСТІ
13.02.2023 14:56
542
0

Павлодар облысы Машһүр Жүсіп мешітінде "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жанынан ашылған әйелдер мен қыздарға арналған сауат ашу курсы шәкірттеріннің Құран әліппесімен қоштасуы өтті.  "Құран жүрегімнің нұры" атты іс шараға сауат ашу курсының шәкірттері, жамағаттары қатысты.

Шара "Әйел-қыздар" секторының жетекшісі Тұрғынбай Ақерке, Мәшһүр Жүсіп мешітінің ұстазы  Мерканова Алмагүл, Ақмешіт мешітінің ұстазы Какенова Диана, Омар әл Фарух мешітінің ұстазы Балтабаева  Баянның бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында әліппені бітіріп, Құранға түсуші  шәкірттерді марапаттады.

"Әйел-қыздар" секторының жетекшісі Тұрғынбай Ақеркенің айтуынша, осы жолы 66 шәкірт әліппе бітіріп, Құран жаттауға өткен.

Шара барысында Ақерке және Диана ұстаздар   Құран оқудың маңыздылығы және Ұстазға құрмет шәкіртке міндет тақырыптарында уағыз айтты. Шәкірттер діни нашидтер мен салауаттарын хормен айтты. Сондай-ақ, ғибаратты әңгімелерден мәнермен жеткізді.

 

0 пікір