Шәкірттер мүгедек балалар үйіне қамқорлық жасады (ФОТО)
Шәкірттер мүгедек балалар үйіне қамқорлық жасады (ФОТО)
11.10.2018 13:09
1235
0

09 қазан елімізде белгілеп өткізетін мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың  құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару мақсатында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінінің әйел шәкірттері Павлодар қаласы, Толстой көшесі-143/1 үйіне орналасқан ДСП-мен ауыратын балалар орталығына барды. Балаларды мерекесімен құттықтаған шәкірттер оларға арнап апарған сый-сияпаттарын табыс етті. Сонымен қатар балалар арасына әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырып олармен бірге ойнап-күліп қайтты.

«Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектер  күні тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға  тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасау ниетте болдық»,- дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір