«Шайхы ата» мешітіндегі уағыз
«Шайхы ата» мешітіндегі уағыз
13.03.2019 11:05
266
0

 Абай атамыз: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» демекші болашақ жастарымызды тәрбиелеуге, тәні сау, рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлу- бүгінгі буынға үлкен міндет.  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы да салауатты өмір салтын насихаттау,  дене тәрбиесімен айналысу, дұрыс тамақтану, есірткі, темекі мен алкогольді  өнімдерді тұтынбау, тазалық пен санитария шараларын сақтануға   бағытталған.  Осыған орай қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Асқар Қуаныш Кенжекөл ауылдық  «Шайхы ата» мешітінде болып ақшам-құптан аралық уағызды  «Салауаты өмір салты» атты тақырыбында өткізді.

Уағызға қатысқан жамағат жастар ұстазға көптеген сұрақтар қойып, жауабын бірлесіп талқылады,. Сондай-ақ сұрақтарға қатысты діни үкім-пәтуаларға негізделген жауаптарға  қанағаттанды.

 

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір