Саудиялық ханзада өзінің бар байлығын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты
Саудиялық ханзада өзінің бар байлығын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты
03.07.2015 10:55
936
0

Саудиялық ханзада әл-Валид бен Талал өзінің бар байлығын, дәлірек айтсақ, 32 миллиард АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді.

Ол аталмыш соманы Alwaleed Philanthropies қайырымдылық қорына аударады. Бұған қоса, ол қордың қамқоршылар кеңесін өзі басқаратын болады.

Миллиардер ханзада қордағы қаржының едеуір бөлігін табиғи апаттардан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсететін, денсаулығы нашар жандарға және әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдарға бөліп беретінін жеткізді. Бұған қоса, жазылмайтын аурулардың емін табу мақсатында ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын болады.

Сондай-ақ, ханзада өзінің бұл қайырымдылық акциясының уақытқа тәуелді еместігін де атап өтті. Тіпті, ол өлгеннен кейін де оның аударған ақшасы қайырымыдылық шараларына жұмсала бермек. Белгілі болғандай, әл-Валидтың балалары оның бұл шешіміне еш қарсылықы танытпаған.

Ханзада әл-Валид бен Талал Саудия корольдік жанұясының мүшесі болып табылады. Ол өзінің байлығы жөнінде Форбс журналындағы дәулеттілер тізімінде 22-орында тұр.

 

0 пікір