Сауат ашу сабақтарын алғашқы шәкірттер бітірді
Сауат ашу сабақтарын алғашқы шәкірттер бітірді
26.06.2015 10:50
1598
0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастағанын хабарлаған болатынбыз.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу  болып табылады.

Жазғы сауат ашу курстарында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы М.Гаджиев пен мешіттің Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Жарқынбеков балаларға дәріс беріп, бүгінгі таңда алғашқы ауысымдағы топ балалары сабақты аяқтап, белсенділік танытқан балдырғандар өкіл имам тарапынан марапатқа ие болды.

Сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретіліп, олардың діни ілімдері шыңдалды.

Жазғы демалыс айларындағы осы сауат ашу курстары ауысыммен жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір