«САУАП» ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
«САУАП» ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
26.09.2021 12:43
237
0

Қасиетті Құранда Алла Тағала«Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)»(Хаж сүресі, 77-аят) – деп әмір еткен.Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. 

Осы сауапты мақсат еткен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Сауап» тобы қыркүйек айының соңғы аптасында 80  мұқтаж отбасына 10 кг картоп,  3кг сарымсақ, 5кг сәбіз үлестірді.

Көмек алған отбасы мүшелері өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

 

 

0 пікір