САЛТ АТТЫЛАР ШЕРУІ
САЛТ АТТЫЛАР ШЕРУІ
19.12.2021 11:50
121
0

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылы  «Шәмшия ана» мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына арнап, "Дін мен дәстүр" сабақтастығы болған салт аттылар шеруі өткізілді. Аталған аттылар мереке қарсаңында ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлай отырып, рухымызды көтеретін егемендігіміздің берік болуы үшін ауыл ақсақалдарынан бата алып, ауыл имамы Жантас тәуелсіздіктің тұғырлы, отанның босағасының берік болуы, салт пен сананы ұмытпау, әр бір істің қадір қасиетіне жету туралы уағыз насихат айтып шерушілерге сәттілік тіледі.

Ауылымыздың берекесінің бекем екенін көрсететін айтулы шараға апа, ата, әпкелеріміз, қатысты. Ауылымыздың мешітінен бастау алған аттылар, руханиятқа дінге ерен еңбегі сіңген қайраткер, әулие болған Ғабдул Уахит хазрет атамыздың кесенесіне жол тартты. Қарты бар елдің қазынасы бар, ауылымыздың ақ сақалы құрметті ардагері Рашат ақсақал бата беріп шығарып салды.

Ел тәуелсіздігі құтты болын!.

 Дініміз тіліміз, еліміз аман болсын.

 

0 пікір