«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті кәсіпкер азаматтарға ауызашар берді
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті кәсіпкер азаматтарға ауызашар берді
09.07.2015 11:50
1097
0

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасы аясында, Өкілдіктің тапсырмасымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов қасиетті Рамазан айына орай, елордалық кәсіпкер азаматтарға арнайы ауызашар дастарханын жайды.

«Алтын ғасыр» мейрамханасында өткен ауызашарға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, ЕНУ доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Республикалық "Әділет" газеті Редакторлар Кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, белгілі дінтанушы Жалғас Сәндібай, кәсіпкер, дінтанушы Қазыбек Байсопы, т.б азаматтар қатысты.

Қонақтар ата дініміздің дамуында атсалысып жүрген дін өкілдерінің қызметі жайында жылы лебіздерін білдірді. Зиялы қауым өкілдері ел мешіттерінде жүзеге асып жатқан Бас мүфтидің жақсы бастамаларына дән ризашылықтарын жеткізіп, осындай игі шараға бастамашы болған Бас имамға алғыстарын айтты.

0 пікір