«Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» атты халықаралық конференциясы өтті
«Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары»  атты халықаралық конференциясы өтті
21.02.2019 11:10
1927
0

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ислам тарихын зерттеу орталығы, Ислам Интымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) және Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) бірлесе отыра «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» атты халықаралық конференциясын өткізді.

Еліміздің рухани құндылығың жандандыруына бағыттаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен конференцияны Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Садықов Ерлан Батташұлы алғы сөзімен ашты. Әрі қарай рәсімдеу кешін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы және Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының директоры Халит Ерен жалғастырды.

 Садуақыс Ғылманидің «Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихтары» атты презентациясы мен таспа, кітабының тұсаукесеріне (IRCICA), тарих ғылымының докторы, ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Муминов Әшірбек, PhD докторанты және Түріктану кафедрасының докторанты Сайполла Моллақанағатұлықатысып, өз лебіздерін білдірді.

Жалпы отырыста: «Мұсылман мәдениеті мен дала өркениетіне қатысты» Болат Есмұхаметұлы Кумеков, «Рухани жаңғырудағы фольклор мен әдебиеттің рөлі» Сейт Асқарұлы Қасқабасов, «Әкем Сәкен және оның уақыты» Үкіжан Садуақасқызы, Павлодар қаласы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы, PhD докторы Қайрбеков Нұрлан Евфратұлы «Орта Азия Ханафи мазхабының ғалымдары» және Ғарифолла Есім «Исламдағы ағартушылық және ойшыл мәселелер» атты тақырыптарымен сөз сөйледі.

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

 

 

Қалалық "Ақмешіт" мешіті

 

0 пікір