«Рухани құндылықтарымыз-мақтанышымыз» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды
«Рухани құндылықтарымыз-мақтанышымыз» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды
02.11.2018 10:05
1615
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізудің  облысымыздағы ең білікті маманы, туған тіл  мен дәстүрлі дігіміздің жанашыры, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері Ульян Мақұлдың «Рухани құндылықтарымыз-мақтанышымыз» кітабының таныстырылымы мен тұсаукесері өтті. Шараға мешіт имамдары мен жамағаты, мешіттегі діни сауат ашу курсының шәкірттері, арнайы шақырылған қадірлі қонақтар қатысты. Бұдан бұрын да іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері, тіл, діл,  дін тақырыбындағы  10 шақты кітаптың авторы болған Ульян Мақұл ағамыздың 10 баспатабақтан астам бұл еңбегінде рухани құндылықтар-тәрбие құралы, аға буын тағылымдары, дін мен дәстүр-рухани жетекші, Ислам парыздарының ғибадаттары,  дін мен дәстүр тағылымдары кеңінен қамтылған.

«Мазһаб.кз» діни – танымдық порталының редакторы, журналист Амантай Тойшыбайұлы модераторлық жасаған бұл шарада журналист, публицист Серік Сатыбалдин, Социал Әйтенов, ақын Балтабай Сәкенұлы және Қаршыға Қабыкенұлы, Назым Ғизатқызы қатарлы көптеген адамдар аталмыш  еңбектің  елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын ашатын, тіл және дін сияқты халықтың рухани құндылықтарының мәнін жас ұрпаққа жете түсіндіретін, мұндай жауапты жұмысқа отбасы үлкендерін- әке-шешелер мен ата-әжелерді-белсенді тарту қажеттігі сөз болғанын атап, жоғары бағалар берді.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір