«Ресей империясы кезіндегі діни төзімділік» Тақырыбында халықаралық конференция өтті
«Ресей империясы кезіндегі діни төзімділік»  Тақырыбында халықаралық конференция өтті
09.10.2018 17:36
180
0

 Қазан айының 5-7 аралығында Астана қаласында Назарбаев университеті А. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті серіктестіктерімен  бірлесе отырып «Ресей империясы кезіндегі діни төзімділік»  атты тақырыпта  үш күндік халықаралық конференциясын өткізді.

 Конференцияға Св. Схоластики колледжінің маманы Рэндэл Пул, Назарбаев университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы Дэниел Скарборо, және мамандар маманы Кертис Мерфи, Михаил Акулов, Розалия Гарипова, Халит Акарча, Невада университетінің маманы Пол Верт,  Хоккайдо университетінің маманы Норихиро Наганава, Челябин мемелекеттік университетінің Қостанайлық филиалының маманы Павел Шаблей, Гумелев атындағы Евразия ұлттық университеті тарих кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Мусабалина, ғалым Аширбек Муминов, Йорка университетінің маманы Дэвид Мун,  Лас Вегас, Польша ұлттық кітапхана маманы Мария Магдалена, Огайо, Майами университетінің маманы Скот Кенворти,  Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Зауреш Сақтағанова, Бакиндік мемелекеттік университетінің маманы Лала Агамидзе Алиева, Сулейменов атындағы шығыстану институтының маманы Айтжан Нұрманова  қатарлы әлемге және елімізге танымал ғалымдар, теолог мамандар қатысып 5 түрлі сессия арқылы өз баяндамаларын жасады.

Аталмыш конференцияда  Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің маманы Аширбек Муминов пен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің маманы, PhD әрі Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Қайрбековтың «Ақмола мектебіндегі ислами діни ілім» атты тақырыпта баяндамасын қойды.

Жалпы өткізілген конференцияда заманауи талаптарға сай, барлық Европа, Орта Азия, Қытай, Үнді және Араб мемлекеттеріндегі діни ахуалдар талқыланып, қарастырылды. Отырысқа қатысқан ғұлама ғалымдар, зиялы қауым, студенттер белсенді қатысып, маңызды мағлұматтар алды.

 

0 пікір