РАНТ мүшесі Павлодарда
РАНТ мүшесі Павлодарда
04.03.2019 16:52
1235
0

Павлодар облысына 28 ақпан және 1 наурыз аралықтарында ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлының сапары жүзеге асты.

Жұмыстың бірінші күні Хамзат Қажымұратұлы Павлодар қаласының имамдарымен кездесті. Кездесу барысында «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің 2019 жылғы негізгі бағыттары жайында сөз болды. Жиында қала имамдарына уағыз айтудың заманауи әдіснамалары бойынша дәріс жүргізді.

Сапар жалғаса келе Ақсу қаласындағы балалар шығармашылығы үйінде «Уақытты жүйелеу – береке бастамасы» атты  кездесу өткізді. Кездесуге «Ақсу қара металлургия колледжі» студенттері, мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты.

Кездесу жалғасын тауып, Ақсу қаласы мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жастық шақтың қадірі» тақырыбында уағыз айтты.

Сапардың екінші күні Екібастұз қаласының мешітінен басталды.  Жұма намазының алдында «Исламдағы аманат ұғымы»  тақырыбында мешітке келген жамағатқа уағыз айтты.

         Сол күні «Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз Колледжі» студенттерімен кездесіп,  «Жастарға қажетті құндылықтар»  тақырыбында  дәріс жүргізді. Ақшам намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, еркін тақырыпта уағыз болды.

 

 

 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

0 пікір