РАНТ мүшесі – Павлодар облысында (ФОТО)
РАНТ мүшесі – Павлодар облысында (ФОТО)
29.11.2019 16:04
354
0

Белгілі исламтанушы, республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы Павлодар облысында болып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Нақтырақ айтсақ, ол 28 қараша күні Павлодар өңіріндегі түзеу мекемелерін аралады. Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан азаматтарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ал дәл осы күні Құптан намазынан кейін«Мәшһүр-Жүсіп» орталық мешітінің жамағатына уағыз айтты. Белгілі ұстаздың уағызын тыңдауға халықтың көп жиналғанын атап өткен жөн. Жергілікті жамағат Қабылбек Әліпбайұлының айтқандарын зейін қоя тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап ала алды. 

Қабылбек Әліпбайұлы 29 қараша күні Ақсу қаласында болып, жергілікті жамағатпен жүздесті.

0 пікір