Рамазан айының құрметіне тегін такси
Рамазан айының құрметіне тегін такси
29.06.2015 13:52
1174
0

Аягөз қалалық мешітінің жастар бөлімі таңсәріден мешітке қарай ағылды. Өйткені, Аягөз қалалық мешіті мен аудандық әкімшіктің ішкі саясат бөлімінің жастар орталығы бірлесе отырып, Рамазан айы құрметіне игі бір істі бастаған еді. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы жиылғандарға істеріне сәттілік тілеп, ақ батасын беріп, Жаратқаннан қолға алған істің берекелі болуын тіледі.

Жексенбі күні, ел бір күнгі демалысында «Жақсылық» базарына барып, азық – түліктерін, керек - жарақтарын қамтамасыз етіп қалатын кез. Келушілер базардың кіре берісінде «Рамазан айы құрметіне, тегін такси» - деген жазуы бар, сап түзеген он үш жеңіл автокөліктерге таңдана да, таңырқай қарады. «Мешіт» - деген жазуы бар жасыл жекет киген жігіттер ел қолындағы жүктерін көтерісіп, көліктерге отырғызып жатты. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы: «Бұндай ізгі шаралар алдағы діни мерекелерде жалғасын таппақ» - деп өз тілегін білдірді. Осындай жақсы іске куә болған ел арасында «такси апа» аталып кеткен, ақсамайлы Оразхан Есбайқызыда жастар ісіне разы болып, «тегін такси» ісіне бел шеше кірісіп кетті. 

«Аягөз жаңалықтары» газетінің бас редакторы
Ермек Дайырбаев

 

0 пікір