Қызылтаң аулындағы Құрбан Айт
Қызылтаң аулындағы Құрбан Айт
15.08.2019 11:01
510
0

Қызылтаң ауылының тұрғандары Құрбан Айт мейрамын шариғат талаптарына сай мешітке келіп, имамға ұйып, айт намазын оқумен бастады. Мешітке ерлер мен әйел адамдарды қосқанда  отыздан аса жамағат жиналды. Артынша уағыз насихат айтылды.

Қызылтаң елі бірлігі жарасқан, қазақилықтың түп тамыры жайылған ел болғандықтан әрбір отбасында құрбандық шалынып, айтшылап келушілерге есіктерін айқара ашып, мол дастархан жайып күтті.  Тағы да айта кететін жайт, орта көшенің ақсақалдары бастаған бұрыннан жалғасып келе жатқан үрдіс бойынша көпшілік жамағат болып әрбір үйге айтшылап кіріп, шалған құрбандықтарының еттерінен дәм татып айтшылап жүрді. Әр кірген үйлеріне Құран оқып, сол үйдің берекесін тілеп дұға жасады.  Бұл өте керемет үлгі, татулықтың, бірліктің, қазақилықтың нышаны аңқып тұрғанын бірден байқайсын.

Құрбан Айттың соңғы күнінде халықтың көзінен мерекемен қоштасқысы келмейтіндігін көресін. Сонымен қатар  құрбан малының етінен біраз  отбасыларға   үлестіріп таратылды.  Мерекені өте жоғары дәрежеде қарсы алып, өткіздік.

 Алла барлықтарымызды келесі жылғы айт мейрамына аман-есен жеткізсін. Халыққа бірлік берсін және осындай қазақилығымыздан айырмасын.

 

Шамелхан Еркінбек

   Тереңкөл ауданы 

                                                      «Қызылтаң»  ауылдық

 мешітінің имамы

0 пікір