«Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасына «Халал» куәлігі табыс етілді
«Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасына «Халал» куәлігі табыс етілді
16.04.2018 11:46
372
0

Жуырда облысымыздағы «Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасына  ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Халал» куәлігі табыс етілді.

Куәлікте Ақсу ауданы, Қызылжар ауылы  «Қызылжар-Құс»Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды деп жазылған.

Жалпы шариғаттта харам етілген жан-жануарлар мынадай топтарға бөлінеді. Олар:

а.  Доңыздың еті

ә. Алладан өзге біреу (пұт) үшін шалынған малдың еті.

б. Арам өлген малдың еті.

в. Жыртқыш аңдар тобына жататын қасқыр, арыстан, ит, мысық т.б

г. Жыртқыш құстар тобына жататын бүркіт, сұңқар, күшіген т.б

ғ. Жаратылысы жиіркенішті тышқан, жылан т.б

д. Шаян, шыбын, өрмекші т.б жәндіктер де харам санатына кіреді.

Дәлелі: Мына бір аяттар: «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» (Бақара сүресі, 173 аят.)  «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді»( Мәйда сүресі, 3 аят.)

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі Осы келтірілген мәлімметтерге сүйене отырып, тауық етінің шариғи тұрғыдан адал екендігі туралы пәтуа шығарған еді.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір