Қызылжар-Құс» фабрикасының «Халал Даму» сертфикаты жаңаланды
Қызылжар-Құс» фабрикасының «Халал Даму» сертфикаты жаңаланды
16.05.2019 12:46
351
0

Қазіргі күні  облысымыздағы «Қызылжар-Құс» фабрикасы жұмыртқа емес, құс етін өндіріп нарыққа жөнелтуде. «Қызылжар-Құс» фабрикасында 100 мың құс өсіріледі. Күніне 13 мың құс мұсылман шариғаты бойынша сойылады. Бұл фабрикада бройлер тұқымды тауық өсіріледі.

Алда аталмыш фабрика өңірдің құс етіне деген сұранысының 70 пайызын өтеуді жоспарлап отырған бұл құс фабрикасының өнімін сараптамадан өткізу арқылы  «Халал Даму» стандарттарына сәйкес келеді деген қорытынды жасалып ҚМДБ «Халал Даму» сертфикаты табыс етілді.

Басшылығы «Халал Даму» сертификатын жаңартып, 2019 жылдың сәуір айының 19 күні ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы Халал стандарты бойынша Сағындықов  Ерболат Сағындықұлына  «Қасапшылық» сертификаты табысталды.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір