Қыздар жатақханасында ауызашар берілді
Қыздар  жатақханасында ауызашар берілді
17.05.2019 14:10
1232
0

Павлодарда орталық  «Мәшһүр Жүсіп» орталық  мешітіне  қарасты  студент қыздарға  арналған  жатақхана ашылған болатын. Жатақханаға шалғай ауылдардан оқу мақсатында келіп, тұратын үй-жайы болмаған студент қыздар тегін тұрады. Әйел- қыздар секторы діни білімі мен тәртібіне  жауапты  қала мешіттеріндегі сауат ашу курсының ұстаздары аптасына екі рет барып, Ғибадат, Иманшарттары пәндерінен діни дәріс өтеді  және уағыз айтады. Сондай-ақ, жатақханаға арнайы тағайындалған  тәрбиеші бар, ол  күнделікті Құран  сабағын  береді.

 Қасиетті  Рамазан  айы  қарсаңында мешіт жамағаты Сарсембекова Сұлушаш апайымыз осы  қыздарымызға  ауызашар  жасап,  дастархан  жайды. Осы күні уағыз  айтылып,  Құран  оқылып  бата  жасалды. Студент қыздарға жанашырлық танытып, ауызашар берген апайға  Алла  разы   болсын  айтамыз. Жасаған жақсылығыңыз сауаптан болып, Алла отбасыңызға береке берсін.

 

 

0 пікір