ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ
ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ
02.07.2020 15:27
373
0

Еліміздегі мешіт қызметшілеріне арнап Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ел басына қауіп төнген осындай сын кезеңде Алладан дұға тілеп, құрбан шалудың маңызы зор. Қазақта қуаңшылық болып, қауіп-қатерге душар болғанда құрбандық шалып, Алладан дұға тілейтін жақсы дәстүр бар. Алладан рақым, медет, шипа сұрау мақсатында құрбан шалып, дұға тілеудің артығы жоқ. Бәрін беретін – Алла Тағала. Сондықтан ертең сағат 11:00-де еліміздің барлық аймағында құрбан шалып, Алладан көбірек дұға тілейік»,- деп үндеу тастаған еді.

Халықтың бірлігі бекем болуын тіеп, ел халқын індетттен аман-есен сақтау ниетімен дұға жасаған Павлодар қалалық мешіті имамдары бірлесіп «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде құрмалдық шалды. Сонымен қатар Ақсу,  Екібастұз, Шарбақты ауданы имамдары да  Аллладан жарылқау тілеп құрбан шалып,  етін мұқтаж отбасыларға бөліп берді.

 

0 пікір