Құрбан шалу шариғат талаптарына сай орындалады
Құрбан шалу шариғат талаптарына сай орындалады
09.08.2019 14:37
457
0

«Құрбан Айт  мезгілінде құрбан шалу рәсімі шариғат әдептеріне сай орындалуы үшін өңірімізге қарасты құрбан шалатын орындарға қасапшылардың жеткілікті болуын арнайы семинар арқылы мал сою әдебінен дәріс алған қасапшылармен қанымдау мақсатында Павлодар облысында 3-рет семинар тренинг жүргізілді. Осы тақырыпта әрбір аудан, қала мешіттері кезекті Құрбан Айт қарсаңында имам-молдалар, қызметшілер арасында арнайы тапсырмалар жүктеліп, сақадай сай болды. Халал стандарт бойынша дәріс тыңдап, арнайы сертификат, мөр алған қасапшылармен бірлесіп құрбандық кезінде малдың шариғат талаптарымен сойылуын тікелей қадағалап отыратын боламыз.

Бүгінде  ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау  бөлімінің Павлодар облысының  филиалы қала, аудан мешіттерімен бірлесіп қасапшыларды оқыту дайындау жұмыстарын қолға алудың нәтижесінде  қазіргі таңда 77 қасапшы облысымыздағы құрбандық шалатын 14 орында жұмыс атқаратын болады»,-дейді «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің халал стандарттау қызметіне жауапты молда Темірғалиев Серік.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір