Құрбан Айттың құрметіне!
Құрбан Айттың құрметіне!
14.08.2019 09:38
183
0

Мұсылманның ұлық мейрамы-Құрбан Айттың құрметіне орай айт мейрамының алғашқы күні Павлодар қаласы, орталық "Мәшһүр Жүсіп " мешітінің әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел шәкірттер "Алланың қолдауы қуттауы жамағатта" деген хадиске сәйкес, мешітте үйренген білімдеріне амал етіп, қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.  

Ал айттың 2-ші күні мешітте жаңадан дәріс алуды бастаған жаңа топ шәкірттері дастарханда бас қосып, мешіт ұстазы Тілеу Нұрила Құрбан айт мейрамы, оның  тарихы жайлы, исламдағы бауырмалдық төңірегінде уағыз айтты.

Айттың 3-ші күні жас аналар "Қымызханада" жиналып уағыз тыңдап, келіндерге байланысты қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа кенеліп,қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне шер тарқасып демалып қайтты.

Осылайша қала мешіттерінің  бір топ әйел шәкірттері  ұлық мейрам Құрбан айт көңілді де қызықты, ғибартты да тәлімді шаралар ұйымдастыру арқылы қарсы алып,  шығарып салды.

 

 

Тілеу НҰРИЛА

0 пікір