Құрбан Айтты құрметтеу- Ислам дінін ұлықтаудың белгісі
Құрбан Айтты құрметтеу- Ислам дінін ұлықтаудың белгісі
14.08.2019 10:10
931
0

Тереңкөл ауданы орталығының тұрғындары таң атысымен айт намазына  жиналды.   Құрбан айт намазын оқуға  келген халықтың қарасына қарап  олардың ұлық мейрамды қаншалықты құрметтейтінін аңғарасың.  Айт намазы оқылғаннан кейін ауданның бас имамы Маралбек Жаңбырбайұлы Аллаға шүкірлік айтып, Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға жасады.

Айт намазына аудан әкімі бастаған лауазымды тұлғалар қатысты. Аудан әкімі Ернұр Ермұханұлы Құрбан  құтықтау сөз айтып,  халыққа жылы лебіздерін білдірді.

Айт мерекесі одан әрі мешіт ауласындағы  мерекелік шаралармен жалғасты.  Киіз үйі тігіліп, мерекелік  дастархан жайылды.  Құттықтау сөздер айтылып,  гир көтеру, арқан тартысу және қол күресуден спорттық жарыстар өтті. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.  Мейрамға мектеп оқушылары және кішкентай бүлдіршіндер де келді. Оларға арнап батут орнатылып,  сыйлықтар үлестірілді.

 Жиналған халық  риза болып, Айт мерекесі жылда осылай қызықты өткізілсе екен деген тілектерін айтып, мерекелік дастарханнан дәм татып тарасты. 

Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды, шалған құрбандықтарымызды қабыл етіп, отбасымызға  амандық, мықты денсаулық беріп, келер  жылғы Құрбан айт мейрамына аман –есен жетуімізге нәсіп етсін.

 

Ербол ҚАПСАМАТҰЛЫ

 Тереңкөл ауданы

 мешітінің наиб имамы

0 пікір