Құрбан Айтта ет үлестірілді
Құрбан Айтта ет үлестірілді
12.08.2019 15:03
373
0

Қасиетті Құранда Алла Тағала«Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)»(Хаж сүресі, 77-аят) – деп әмір еткен.Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Көмек беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады.  Осы сауапты мақсат еткен «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мұсылманның ұлық мерекесі болған Құрбан  Айттың екінші күнінде мұқтаж болған 55 отбасының әрқайсысына қойдың етін 5 кг-нан  үлестіріп берді. Көмек алған отбасы мүшелері өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір