ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖАСАЛУДА
ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ ЖАСАЛУДА
29.07.2020 18:00
331
0

ҚМДБ-ның тапсырмасымен биылғы Құрбан Айт мерекесінің ерекшелігі, онлайн құрбан шалудың қыр-сыры, облысымызда, аудан, ауылдарда бұл құрбан айт қалай ұйымдастырылатыны, ол жерлердегі мешіт қызметшілерінің міндеті, «Qurban2020.kz» сайты, осы сайт арқылы құрбан шалуға және көмек алуға тапсырыс беру туралы жан-жақты түсіндіру жұмысы Павлодар облысында үздіксіз жүргізілуде. Бұл насихатты  әлеуметтік ватсап желісіндегі «Павлодар облысы имамдары», «Имамы pvl», «Ханафи мазһабы», «Амин», «Мешіт ұжымы», «Уағыз насихат», «Насихат ватсап», «Әһли сунна сұрақ-жауап?» группалары арқылы (бұл группаларда шамамен 5 мыңға жуық қатысушы бар), сонымен қатар фейсбук әлеуметтік желілеріндегі 12 группа (2 миллионға жуық қатысушылары бар) арқылы кеңінен насихатталды.

Облыс бас имамы Бертымұратов Жолдас 28-шілде күні кешке  қалалық «Ирбис» телеарнасы арқылы тікелей эфирде 40 минут аталмыш тақырыпты түсіндіріп, көрермендер сұрағына жауап берді. Ал 29-шілде күні  сағат 14.00 ден облыстық «Халық радиосы» арқылы биылғы құрбан айттың маңызы мен ерекшелігі, әсіресе «Qurban2020.kz» сайты туралы тәптіштеп түсіндірді.

«Облыстық «Ертіс» телеарнасы арқылы биылғы Құрбан Айт ерекшелігі туралы арнайы дайындалған  ролик-жарнама 25 шілдеден бері әр күн сайын тұрақты жарнамалануда. Сонымен қатар биылғы қашықтан шалынатын құрбан айтқа қатысты туындаған түйткілді мәселелер бойынша ҚМДБ түсіндірмесін де әлеуметтік желілер, өңірлік басқа да ақпараттық құралдар арқылы халыққа жеткізіп жатырмыз.Аудан имамдарымен де күнделікті жедел онлайн кеңестер өткізіп тұрмыз. Ертең Құрбан айттың дайындығын қала әкімімен бірлесіп соңғы рет пысықтаймыз. Алла қаласа, биылға құрбан айт жоспарымызға сай қалыпты деңгейде өтетініне сенемін»,-дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

0 пікір