ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
30.07.2020 15:34
318
0

Павлодар  облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы және  Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманісләм бүгінгі Арафа күні қала шетіндегі «Құлагер» атшабарында болып, ертеңгі Құрбан Айт дайындығын пысықтады.

«QURBAN2020.KZ сайты арқылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыстар берілуде. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қала тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, мұқтаж адамдар өз өтініштерін беруде.

Қала әкімдігінің  мүмкіндіктер жасауының нәтижесінде биылғы құрбан айт жоспарымызға сай қалыпты деңгейде өтетініне сенемін. Бүгін де қаламыздың жаңа әкімі Ержан Иманісләм мырза өзі Құрбан шалаттын орындардың дайындығын арнайы тексеріп, жауапты адамдарға  тиісті тапсырмалар берді»,-дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.

0 пікір