ҚҰРБАН АЙТ-ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ
ҚҰРБАН АЙТ-ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ
04.07.2022 14:00
403
0

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы басталуына 5 күн қалды. Осыған орай өңірлік баспасөз өкілдеріне арнап баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

«Ертіс медиа» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Биыл 9 шілде күні сағат таңғы 07.00-де облыс көлеміндегі барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін құрбан шалу басталады. Құрбандық шаламын деушілерге қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңынан арнайы орын бөлінеді. Құрбанға арналған малды сатып алуға мүмкіндік жасалады. Сол жерде мешіттерден арнайы барған имам, молдалар жұмыс жүргізеді. Құрбан шалуға арналған орындар әзірленіп, қоқыс жәшігі қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ. Құрбан шалу онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз»,-деді.

Сонымен қатар ҚМДБ-нан «QURBAN2022.KZ» сайты іске қосылғанын, қажетті анықтамаларды осы сайттан алуға болатынын ескертті. Құрбан Айттың алғашқы күні   сағат 14.00-18.00 аралығында мүбарак Құрбан Айт мерекесі құрметіне арналып қалалық саябақта қаладағы мешіттердің бірлесіп ұйымдастыруымен «Құрбен Айт-Құтты мереке» атты рухани-мәдени шара ұйымдастырылады. Шара барысында жиналған қауымға арналып:

-Иләһи өлең-жырлар оқылады

-Гир көтеру

-Қор күрестіру

-Арқан тарту

-Қазақ күресі қатарлы ойын-сауықтар  ұйымдастырылып, сый-сияпаттар жасалады.

Балаларға арналып ойын батуттары орнатылады.

 Сонымен қатар сағат 16.00 шамасында шараға жиналған барлық халыққа Айт дастарханы жайылып, ас-тағамнан  (палау, бауырсақ, минерлка сусындары) дәм таттырады.

 

0 пікір