ҚҰРБАН АЙТ ҚАЛЫПТЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚҰРБАН АЙТ ҚАЛЫПТЫ ЖАЛҒАСУДА
31.07.2020 18:22
294
0

«Мұсылман қауымының ұлық мерекесі-Құрбан Айт мерекесі облысымызда қалыпты деңгейде өткізілуде. Биылғы жылдың ерекшелігіне байланысты Құрбан айт мерекесінің арнайы рәсімдері  Павлодар облысында онлайн режимде жүзеге асырылып жатыр.

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні онлайн режимде құрбан шалу аманаты облыс бойынша аса ұқыптылықпен жүзеге асты. Біз аудан, ауыл имамдарымен әлеуметтік желі арқылы сәт сайын байланыс жасап, хабар алып тұрмыз.Айттың алғашқы күнінің мәліметі бойынша облыс бойынша      8 ірі қара  мал,   284 қой,   16 ешкі құрбанға шалыны , онлайн режимде өтініш берген   624 мұқтаж отбасына құрбан  еті үлестірілді. Аталмыш шара айттың келесі күндерінде де жалғасын табатын болады»,- дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

0 пікір