ҚҰРАН ЖАРЫСЫ
ҚҰРАН ЖАРЫСЫ
22.02.2023 12:49
676
0

Екібастұз қалалық мешітінде ақпан айының 20-сы күні Құранды мәнерлеп оқудан шәкірттер арасында жарыс өтті. Найб имам Төлеген Мұратұлы жиналған жамағатқа Құран оқудың сауабы және сонымен амал едудің маңыздылығы туралы насихатпен және салауат айтып іс-шараны бастады.

Жарысқа Екібастұз мешітінің өзі қалаған 35 шәкірті қатысты. Әділ қазылар алқасы ұстаз қари Акбархуджа және қари Нұрислам шәкірттердің құранды жүзіне оқуын, тәжуид ережелерін біліуіне және мәнерлеп оқу дауысына қарап бағалады. Жеңімпаздарды Құран кітап, мадақ хаттар сыйлыққа берілді. Осындай мәнерлеп оқу жарыстар әлі де жалғасын табады деп айтылды.      

 

0 пікір