"Қолөнер шеберлігі" мастер-класс өткізді
"Қолөнер шеберлігі" мастер-класс өткізді
02.02.2020 15:58
460
0

Павлодар қалалық "Ақмешіт" мешітінің жанынан ашылған "Инабат" қыз-келіншектер клубында "Қолөнер шеберлігі" атты мастер-класс өткізілді. Бұл игі бастаманы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп өткізілді. Қыз-келіншектер ою-өрнек ойып, жастық қап жасады және орамалды бисермен әсемдеп түрлі пішіндермен өрнектеді. Мақсатымыз - қыз-келіншектерді инабатты, ибалы тәрбиеге, еңбекке баулу. Алдағы уақытта көптеген игі істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

"Ақмешіт" мешіті

0 пікір