ҚМДБ-НЫҢ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)
ҚМДБ-НЫҢ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)
11.09.2019 12:23
848
0

Павлодардың «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде облысқа қарасты дін қызметкерлерінің сараптау аттестациясы басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы 140-тан астам діни қызметкерді аттестациядан өткізеді.

ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесші Балтабай Уажитұлы Мекежанов, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы Есмағанбет бар.

Сараптау жиыны басталмас бұрын «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде сараптау комиссиясы мүшелерінің аттестациядан өтетін облыс имамдарымен жалпы кездесуі өтті.

Мәртебелі меймандар сараптауға қатысатын діни қызметкерлерге сараптаудың негізгі мақсаты мен діни сауаттылықты арттырудың, оны үнемі жетілдіріп отырудың маңыздылығы туралы сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, сараптау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде компьютер арқылы тест сұрақтарына жауап берілсе, екінші кезеңде ауызша сұрақтар қойылады.

Сараптау барысында қырағат, тәжуид, фиқһ, ақида,  ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) және тұғырнама бойынша сынақ алынады.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

0 пікір