ҚМДБ: ЖЕМІСТІ САПАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
ҚМДБ: ЖЕМІСТІ САПАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
23.02.2016 16:03
1468
0

Өткен 2015 жылы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, шетелдегі қазақтандық студенттерінің тыныс-тіршілігімен танысу бағытында ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Дін істері комитеті, ҚМДБ және «Нұр Мүбәрәк» университетінің қызметкерлері мен «Асыл арна» телеарнасының түсіру тобынан құралған арнайы делегация құрылды.

Нәтижесінде, 2015 жылдың сәуір мен мамыр айлары аралығында Мысыр, Түркия және Сауд Араб патшалығына қызметтік іс-сапар орын алды. Аталған жұмыстың қортындысы бойынша “Жемісті сапар” атты 3 бағдарлама дайындалып, “Асыл арна” телеарнасы арқылы халыққа насихатталып, жағымды мінездемелер алынды.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – мемлекет пен ҚМДБ-ның жастарымызды жат ағымдардан қорғау бойынша жүргізген белсенді жұмыстарының бірі болып табылады.

Осыған орай, аталған жұмысты жалғастыру мақсатында 2016 жылы Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша ҚР Дін істер жөніндегі комитеті және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы делегациясы мен «Асыл арна» телеарнасының түсіру тобы бірлесіп, Малайзия еліне қызметтік іс-сапармен келді.

muftyat.kz

0 пікір