ҚМДБ: «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы өтеді
ҚМДБ: «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы өтеді
23.02.2016 16:01
1659
0

2016 жылғы 24 ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелеріне арналған «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» атты республикалық конференция өтеді.

Конференцияға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, облыстардың бас имамдары, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері (РАТТ), Жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшілері, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшелері, мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, профессорлар, тарихшылар мен қоғамдық сарапшылар қатысады.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері – ҚМДБ қызметкерлерінің (АТТ мүшелерінің) заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Үндеу қабылданады.

 

Конференцияның өтетін орны: Астана қ., «Бейбітшілік және Келісім Сарайы», «Бесік» залы.

Өтетін уақыты: 24 ақпан, 2016 жыл.

Басталуы: 10:00.

Қосымша ақпарат үшін: Динара Айтжанова, тел.: 74-09-13, ұялы тел.:. 8 701 929 44 72, 8 701 353 44 72

Конференция жұмысына қатысу үшін алдын ала тіркелуді сұраймыз!

 
0 пікір