ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ҚАРАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО+ВИДЕО)
ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ҚАРАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО+ВИДЕО)
05.03.2018 09:21
424
0

Бүгін Астанада «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында халықаралық шараға қатысушылардың Қарары қабылданды.

Қарар мәтінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан оқып берді.

«Қоғамның дәстүрлі негіздеріне қауіп төніп жатқан кезеңде әртүрлі діни конфессия өкілдері арасындағы диалогтың өзектілігі күрт артуда. Мұсылман үмбетінің бірлігіне насихаттық үлгі әрі іргетас қалыптастыруды мақсат ететін Еуразия елдерінің рухани жаңғыру Тұжырымдамасы әзірленсін. Мұсылман қоғамында сұранысқа ие классикалық еңбектер бірнеше тілге аударылсын. Форумның тұрақты Хатшылығы құрылсын», – делінген қабылданған Қарар мәтінінде.

0 пікір