Қазақстан ұзақ жасағандар саны көп ел ретінде әлемдік рейтингке енді
Қазақстан ұзақ жасағандар саны көп ел ретінде әлемдік рейтингке енді
31.08.2015 09:16
1243
0

Қазақстан ұзақ өмір сүрушілердің саны бойынша жасалған рейтингте 17 мемлекеттің ішінде 12-ші орынға жайғасқан деп хабарлайды CA-NEWS.

«ЭлВисти» ақпарат орталығының мамандары электронды БАҚ-та соңғы 20 ай (2014 жылдан бастап) ішінде 100 жастан асқан қариялар туралы жарық көрген материалдарға талдау жасаған.

Көп жасаған адамдар санына қатысты барлық ақпарат бір кестеге жинақталды. Оған әлемнің 17 елінде ұзақ өмір сүрушілердің саны туралы деректер енген.

 100 жастан асқан тұрғындары көп елдердің ондығында посткеңестік кеңістіктің 3 мемлекеті бой көрсетті: Өзбекстан, Ресей және Украина. Қырғызстан 16 орынға жайғасса, Қазақстан тізімнің 12-сатысынан орын алған.

www.nur.kz

0 пікір