«Қазақстан Павлодар» телеарнасында
«Қазақстан Павлодар» телеарнасында
11.02.2016 16:38
1285
0

Жомарттық – асыл дініміз Исламдағы өзгелерге көмек көрсетуде сауабы мол амал. Қазақ халқы мұндай адамды «қолы ашық жан, жомарт жан, барымен бөлісетін адам» деп бағалаған. Дана халқымыз: «Кең болсаң – кем болмайсың», – деп қанатты сөз қалдырған. Жомарттық – адамдықтық қасиеттің бірі. Жомарттық жасайтын адам тек Алланың ғана разылығын көздейді. Мұқтаж жанға көмектескен адам одан сыйлық немесе марапат, жақсы сөз күтпеуі тиіс. Өзіне қажет бола тұра өзгенің қажетін өтеген адамды Алла Тағала үлкен нығметке бөлейді. Қасиетті Құран Кәрімде Жаратушы Иеміз құлдарын сараңдық жасамай, жомарттық танытуға бұйырған. Мәселен, Құранның «Мұхаммед» сүресінің 38-аятында Раббымыз:  «Негізі, сендер Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда, араларыңда сараңдар бар. Кімде-кім сараңдық жасаса, өзіне сараңдық жасағаны. Өйткені, Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан теріс айналсаңдар сендердің орындарыңа басқа қауым әкеледі. Олар сендер секілді болмайды», – деп бұйырған. 

Дәл осы тақырыпты қаузай қозғаған  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы арқылы келелі сұқбат жүргізді. Аталмыш сұқбат бейсембі, жұма күндері кешкі сағаттарда және алдағы апта күндері қайталанып берілетін болады.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір