«ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ИСЛАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШАРА ӨТТІ
«ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ИСЛАМ»  ТАҚЫРЫБЫНДА  ШАРА ӨТТІ
15.01.2020 18:19
881
0

ҚМДБ-ы  құрылуының  30 жылдық  мерекесі құрметіне орай  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі  С.Торайғыров атындағы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Қазақ тарихындағы Ислам» тақырыбында мәдени шара өткізіп, 2020 жылы облыс мешіттері атқаратын  мәдени-рухани, әлеуметтік игі шаралардың ресми  тұсаукесерін жасады.

Шараға  облыстың бас имамы Бертымұратов Жолдас,  облыстық діни  істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет, С.Торайғыров университетінің профессоры, доктор Тұрышев Айтмұхамет  және Павлодар қалалық мешіттерінің имамы, жамағат өкілі, зиялы қауым өкілдері, студенттер жастар қатысты.

Алдымен көрерменге ҚМДБ сараптамасынан өткен діни-әдеби 500-ге жуық кітаптардан құралған арнайы көрме ұсынылды.

Бірінші кезекте сөз алған Дәулет Қоқанұлы  бас имамды және барша дін қызметкерлерін, мұсылман қауымын мүфтияттың 30 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегі мен ниетін жеткізді. Ал профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы  Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Мұқағали сынды ұлылардың мұраларынан мысалдар келтіре отырып жастар тәрбиесі, ұлт болашағы, дін тұтастығы, т.б. қоғамда көрініс берген өзекті мәселелер туралы ойларын жеткізді. Ал журналист, ғалым Амантай Тойшыбайұлы «Ислам және Ертіс-Баян өңірі» тақырыбында осы өңірде болған діни-рухани тұлғалар туралы көпшілікке  соны мәліметтер таныстырды.

Тәлімді де тағлымды өткен шараны С.Торайғыров атындағы орталық кітапхана директоры Шолпан Баянқызы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы, ақын  Қуанышбек Шармановтар игі тілек, мол табыстар тілеген құттықтау сөзідерімен қорытындылады.

 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір