Қазақ жігіті ағылшын фильміне түсуге шақырту алды (фото)
Қазақ жігіті ағылшын фильміне түсуге шақырту алды (фото)
03.08.2015 10:09
4137
0

Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды, – деп хабарлайды Nur.kz  сайты.

Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.

Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.

“Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. “Көппен көрген – ұлы той” демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті”, – дейді Димаш.

Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды.

димаш1

димаш2

Фото: Instagram (@dimashadilet)

димаш5

димаш3

димаш4

 

0 пікір