«Қасым қажы» мешітінің қайырлы жаңалықтары
«Қасым қажы» мешітінің қайырлы жаңалықтары
07.06.2019 10:44
642
0

Павлодар қаласы,  Павлодар аулының «Қасым қажы» мешітінде берекелі айдың берекелі і- шаралары  Алланың қалауымен өткізілді. Рамазан айы-медресе демекші мешіт  жамағатына бір ай бойы уағыз насихат айтылды. Рамазан айында 25 рет мешіт асханасында ауызашар мен сәресі өткізілді. Рамазан айында мешіт атынан мұқтажы 20 отбасыға азық түлік берілді. «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің техникалық базасын нығайту үшін қаржылай 50 мың теңге сыйақы берілді. Бір ай бойы дәмді ас пісіріп, ыстық тамақ дайындаған екі аспазшы апайларымызға және мешітіміздің әрбір қызметкерлеріне яғни имамға, имам орынбасарына, молдамызға әйелдер секторының ұстазына және мешітіміздің тазалығына жауап беретін апайымызға  қаржылай сыйақы берілді. «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері «Қасым қажы» мешітінде тәжірибелік өндірістік практикаларын өткізіп, ауызашарларға жиі барып, халықпен ықыласты жұмыс істеп, өте жақсы және жоғарғы деңгейде қызмет көрсетті. Әсіресе медресе шәкірттері өздері ауыз бекіткеніне қарамастан Павлодарский ауылының тұрғындарына үй шаруашылығында жәрдем көрсетті. Атап өтелік: қоршауларын сырласты, жеміс жидек отырғызды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында есімі ел есінде қалған ауылымыздың бірқатар ардагер ата әжелеріміздің хал жағдайын сұрасып үй жағдайындағы жұмыстарына ат салысты. Есімі ұмытылып бара жатқан ардагерлерімізге ораза айт мейрамының қарсанында шат-шадыман көңіл күй сыйлады.

«Қасым қажы» мешітіміздің әйел жамағаттары арасында спорттық іс шара өткізілді: атап өтелік тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы ойындары өткізіліп бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздарымен марапатталды. «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткен «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас»  атты бата беру сайысына  «Қасым Қажы» мешітінің молдасы Баязитов Қуат атамыз  жүлделі үшінші орынға ие болды. Мешітіміздің қоршауына ораза айтқа байланысты және де зекетке қатысты жаңа баннерлер ілінді. Мұқтаж  10 отбасыға азық түлік  айт намазына дейін таратылды.         Ораза Айт намазына  Павлоларский ауылынан  бір жүзге жуық  адам қатысты. Айт намаз қалай оқитындығы мен ораза айт жайында айт намазына келген жамағатқа уағыз насихат айтылды.  Айт намаздан кейін  Құран аяттары оқылып   ақсақал Койсаринов Сағындық батасын берді. Асханада жетпіс адамға Айттық дастрахан жайылды. Ауыл тұрғындарымен бірге айтшыладық.  Ауыл әкімі Сырым Рушанов  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің жаңадан салынатын спорт залына  КТП(электростанция) қоятыны туралы қуанышты хабарымен сүйіншіледі.

 

                              Ермек ҚУАТҰЛЫ

«Қасым қажы» мешітінің бас имамы

0 пікір