«Қасым қажы» мешітінің ақпары
«Қасым қажы» мешітінің ақпары
13.05.2019 18:29
286
0

Пайғамбар (с.ғ.с)- ымыздың хадисінде:  «Бұл айда мүміннің ырзық несібесі еселенеді. Кімде кім осы айда ораза тұтқан бір жанға ауыз ашар жасаса, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза тұтушының сауабынан да еш нәрсе кемітілмейді» және «Ораза ұстаушының аузын, тіпті бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен аштырған жанға да сондай сауап жазылады» деген.

«Қасым қажы» мешіті өз  асханасында оразаның алғашқы күнінен бері  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері мен Павлодарский аулының мешітке үнемі келетін жамағат тұрғындарына  күнделікті ауызашар  өткізіп,  сәресі уақытында да ас сусын берілуде.

Және осы қасиетті Рамазан айында «9 мамыр- Жеңіс күні» де тұс па тұс келіп, арнайы аталып өтті.  Мешітке ауыл әкімі Сырым Төкенұлы ағамыз ауыл тұрғындарымен бірге келіп мешіт  имамы Сыздықов Ермек Қуатұлымен жүздесіп, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне спорт залын салу мәселесі сөйлесілді және «Ислам бейбітшілік діні» тақырыбында келген қонақтарға уағыз насихат айтылды.

Мешіт атынан  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне Пахомовские дүкенінен алты қорап  халал азық-түлік алынып берілді. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген даналық  сөзге  амал ету арқылы  мешіттің сауат ашу курсының және медресе шәкірттері бірлесіп, аула сыртына шырша  ағаштарын отырғызды.

 

 

"Қасым қажы" наиб имам Абылай ҚАНАТБЕКҰЛЫ

0 пікір